БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыТүркістан облысы Қазығұрт ауданы «Асия» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі                                                                      
2Білім беру ұйымның орналасқан жері (заңды мекен жайы және нақты орналасқан жерінің мекен- жайы)Қазақстан,Түркістан облысы,Қазығұрт ауданы,Шарбұлақ ауылдық округі,Шарбұлақ ауылы,Желтоқсан көшесі  2 Г,
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон,электрондық пошта,вебсайт)Ұялы телефоны:+7 747 400 41 94
Электронды поштасы: azguldana94@mail.ru
Веб сайты: https://asia.bb-edu.kz/  
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә, лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Тойбол Гулдана Төреханқызы «Асия» бөбекжай балабақшасы ЖШС құрылтайшысының шешімі бойынша 2025 жылдың 29 желтоқсан күні №1-ж/қ бұйрықпен тағайындалсын.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 10 қаңтар 2019 жылы берілген. БИН:141240010321
6Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы талон 2025 жылғы 10 ақпандағы № KZ60RVK00063136 хабарлама берілген нөмері
7Құрылған жылы07.12.2023.
8Типтік ғимаратІІ қабатты ғимарат
9Топтар саны4
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:ІІ ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекеттің ұзақтығы -минутпенКіші топ-күні бойы Орта топ – күні бойы Ересек топ- күні бойы МАД тобы- күні бойы

Балабақша ғимарат ІІ қабатты бір ғимарат типтік жобада  заман талабына сай салынған.Балабақша 95 орындық, 4 топ жұмыс жасайды.Әр топ 20-25 балаға лайықталған.Балабақша аптасына 5 күн жұмыс істейді,таңғы 8.00-бастап , кешкі сағат 18.30.-ге дейінгі уақыт аралығында.

Кіші топ-Болашақ

Ортаңғы топ –Жұлдыз

Ересек топ-Аққу

МАД тобы-Қарлығаш

Тәрбиеленушілер мемлекеттік қазақ тілінде тәрбиеленеді.

Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын,ойнайтын,тамақтанатын, жуынып –шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті,әдіскер кабинеті, психолог кабинеті,мед кабинет,асхана,қойма,кір жуу,күзет блогы бар.Материалдық техникалық базасы стандартқа сай жасалған.Жылу жүйесі,кәріз автономды.Су орталықтандырылған. Балабақша өрт –дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.Күзет агенттігімен келісім-шартқа отырған.

Балабақша ауласы көгалдандырылған,ағаштар мен гүлдер отырғызылған.Ауладағы ойын алаңында әр топтың ауласы бөлек,балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен қатар,әр аулаға бала отырып демалатын саялы көлеңкелі ойын алаңдары мен күркелері қойылған.Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын,ойын құралдарымен жабдықталған алаңы бар.